Жетісуда кәсіпорынның бұрынғы директоры көмірге бөлінген 100 млн теңгені ұрлапты
Күдікті 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Жетісу облысының прокуратурасы берген мәліметке сай, сот үкімімен "Алакөлжылу" ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
"Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған."
Жетісу облысының прокуратурасы