Жаңалықтар

Қазақстанда коммуналдық төлемдер неге қымбаттады?

Қазақстанда коммуналдық төлемдер неге екі есе өсті – Вице-министр жауап берді

Қазақстанда қаңтар айынан бастап, коммуналдық төлемдер тарифі көтерілген. Ұлттық экономика министрлігі берген ақпаратқа сәйкес, коммуналдық төлемдер 20% артты. Бірақ қаңтар айының коммуналдық төлемдер чегін алған қазақстандықтар екі есе өсіп кеткенін айтып, шағымдануда. Сенат отырысынан кейін журналистер 20% өсуі керек тариф неге екі есе артып кеткенін сұрады,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықовтың айтуынша, 20-25% ортақ экономикалық көрсеткіш екен. Су, жылу, жарықтың кейбірі екі есе өссе, кейбір аз ғана өскен. 

"Биыл Қазақстанда коммуналдық тарифтер орташа есеппен 20-25 пайызға қымбаттады. Комуналдық төлемдердің ішінде кейбір түрлері көбірек өссе, екіншілері қатты қымбаттамады", – деді вице-министр.

Мұндай қымбатшылықтың себебін министр коммуналдық қызмет саласындағы құбырлардың, желілердің тозуымен байланыстырды.