Жетісудағы кәсіпорынның экс-директоры көмірге бөлінген 100 миллион теңгені ұрлап кеткен
Сот үкімімен 7 жыл 6 айға сотталды
Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жетісу облысының прокуратурасы берген мәліметке сай, сот үкімімен "Алакөлжылу" ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
"Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған",- деді Жетісу облысының прокуратурасының баспасөз қызметі.