Жаңалықтар

-40 градус аяз, көктайғақ, тұман: 22 ақпанда ауа райы қандай болады?

22 ақпанға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 22 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялап, бірнеше өңірге дауылды ескерту жасады,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Күндіз Қарағанды ​​облысының батысында және оңтүстігінде бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысында және Өскеменде түнде -40 градус қатты аяз сақталады.

Түнде Абай ауданында -40 градусқа дейін қатты аяз сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады. Жезқазғанда қарлы боран соғады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында көктайғақ, тұман болады. Ақтауда түнде көктайғақ болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман түседі. Облыстың таулы асуларында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с. Шымкентте түнде және таңертең тұман болады.

Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде -27 градус аяз болады. Алакөл ауданында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман болады. Қызылордада кей жерлерде тұман түседі.

Бұған дейін Алматы облысындағы Іле өзенінде су деңгейі күрт көтерілгені хабарланған еді.