Кадрлық резервтың қандай артықшылығы бар ?
Кадрлық резерв мемлекеттің бастамасының бірі
Кадрлық резерв мемлекеттің бастамасының бірі. Бұл туралы мемлекет басшысы да ерекше атап өтті. Осы бойынша 24.kz арнасына Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының қызметкері Аяулым Сағымбаева сұхбат берген болатын,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев күні кеше ғана резерв мүшелерімен кездескен болатын. Президент мемлекеттік қызметін гибретті моделін енгізу керектігін де айтқан болатын. Бұл білікті жастардан құралған сапалы кадрды іріктеуге қаншалықты ықпал етеді. Қазіргі таңда жастардың саны Қазақстанда 2023 жылдың басында 5,7 млн адамға теңгерілді. Ол бүкіл халықтың 29% кадрлық резерв бастамасы мемлекет басшысының 2019 жылғы сайлаудан кейінгі алғашқы бастамаларының бірі болған. Бүгінгі танда 400 жас маман осы кадрлық резервке кіріп, беделді деген кәсіп орындарында мемлекеттік қызметте жоғары саяси лауазымдарда қызмет етуде. Ол өте маңызды іс- шаралардың бірі. Өйткені жақсы кадр тапшылығы Қазақстанның елеулі мәселелердің біріне айналды. Сондықтан да, осы бағдарламаларды өңірлерде енгізуі өзекті және жақсы қадамдардың бірі болып отыр.
Қазіргі таңда, Астанада қызмет етіп жатқан мамандар, өздерінің жақсы деңгейін жақсы нәтижеде көрсетуде. Мемлекетке қызмет көрсетемін деген азаматтарға үлкен мүмкіндік болып отыр. Халықтың біліктілігіне
байланысты түрлі әлеуметтік көмектерге кол жеткізуге болады,-деді Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының қызметкері Аяулым Сағымбаева.
Айта кетейік, білімді, жалынды жастар мемлекеттік қызметтен кетіп жатыр! Бұған жол бермеу үшін олардың жалақысы көтеріліп, баспанамен қамтылмақ. Президенттік жастар кадрлық резервінің форумына қатысқан мемлекет басшысы осылай деді. Әрі Қасым-Жомарт Тоқаев жас мамандардың алдағы қызметтеріне табыс тіледі. Ақыл-кеңес айтып, бағыт-бағдар көрсетті. Соңғы үшінші кезеңде кадрлық резервке 50 адам іріктелген еді. Енді жақында олар лауазымды қызметтерге тағайындалмақ.