Алматыда аяз қашан басылады? Синоптиктер жауап берді
Алдағы күндері аяз бола ма?
Синоптиктер болжамы бойынша, қала тұрғындары аяздың қайтқанын алдағы үш күнде сезеді,- деп хабарлайды newsroom.kz.
21 ақпанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, аздаған қар жауады, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 6-8 градус аяз.
22 ақпанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде тұман. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 3-5 градус аяз.
Жұма, 23 ақпанда Алматыда қар жауады деп күтіледі. Түнде тұман. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 1-3 градус аяз.