Үйде жатып, ақша табу! Жұмыссыз жастарға 1 млн теңгеден берілмекші
1 миллион теңге алуына мүмкіндік беретін жоба іске қосылды
Қазақстанда жастарға өз идеяларын іске асыру үшін 1 миллион теңге алуына мүмкіндік беретін жоба іске қосылды. Бұл бағдарлама туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров жобаның уақытша жұмыссыз жүрген жастарға арналғанын айтты.
Бұл – жұмыспен қамту және білім беру салаларынан тыс, уақытша жұмыссыз, білім беру ұйымдарында оқымайтын, кәсіптік даярлықтан немесе қайта даярлаудан өтпеген жастар, – деді ол.
Zhas project қатысушылары жергілікті қоғамдастықтардың мәселелерін шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларға конкурстық негізде 1 миллион теңгеге дейін шағын гранттар ала алады.