Жаңалықтар

Елімізде мемлекеттік қызметкерлерге материалдық өтемақы төленеді

Президент мемлекеттік қызметкерлердің баспана мәселесін де тиісті деңгейде шешу керектігін атап өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев еңбекқор мемлекеттік қызметкерлерге материалдық өтемақы төлеу мәселесін қарастыруды тапсырды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

«Әрине жалақы мен сыйақыны шектен тыс көп беруге болмайды. Бірақ таңертеңнен кешке дейін, уақытпен санаспай жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлерге белгілі бір деңгейде материалдық өтемақы төленуі керек деп санаймын. Мәселе – өте өзекті. Біз мұны мемлекеттік қызметшілердің пайдасына шешеміз», - деді Тоқаев президенттік жастар кадр резервінің форумында.

Президент мемлекеттік қызметкерлердің баспана мәселесін де тиісті деңгейде шешу керектігін атап өтті.