Жаңалықтар

Алматылықтар жарықсыз қалды

Алмалы ауданының тұрғындары қолайсыздыққа тап болды

20 ақпанда түс ауа Алматыдағы Алмалы ауданының тұрғындары қолайсыздыққа тап болды: алматылықтар жарықсыз қалды, деп хабарлайды Newsroom.kz

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ баспасөз қызметі тоқтау аймағын нақтылады.

Белгілі болғандай, мына мекенжайларда электр жарығы жоқ: Төле би – көш. Байтұрсынов – Сейфуллин даңғылы, Жамбыл – көш. Желтоқсан - көш. Абай – көш. Масанчи - көш. Төле би.