Сұмдық! Павлодарда Израиль азаматы 15 тәулікке қамалыпты
Израиль азаматы мас күйінде автокөлікті басқарған
Павлодарда Израиль азаматы 15 тәулікке қамауға алынды,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Kozachkov offside-ке сілтеме жасап.
Полицейлер Қазақстанда тұруға рұқсаты бар Израиль азаматының мас күйінде автокөлікті жүргізу фактісінің жолын кесті. Жүргізуші Павлодарға "Rally-2024"спорттық шоуына қатысу үшін келген.
Мас күйінде жүргізгені үшін жүргізуші жазаланады. Сот 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулікке қамауға алды.