Жаңалықтар

Семейде тағы да сауда үйі өртеніпті

Оқиғаның мән-жайы анықталуда

Семей қаласының сауда үйінде өрт шықты, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 ақпанда 13:51 "101" пультіне "Бирюса" сауда үйінде өрт болғандығы туралы хабарлама түскен екен. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде қатты түтін байқалды.

"Барлау буыны дереу құрылып, нысанды зерттеуге кірісті.Барлау барысында аспалы төбенің жанып тұрғаны және қатты түтін бар екендігі анықталды", - делінген хабарламада.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өртті жоюға жеке құрамның 16 адамы, 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт 14 сағат 26 минутта оқшауланды. Өрттің алдын ала ауданы 15 ш. м. құрайды.Өрттің себебі анықталуда.

Айта кетейік, бұған дейін де Семей қаласындағы сауда үйінің өртке оранғанын хабарлаған едік.