-45 градусқа дейін аяз: 20 ақпанда ауа райы қандай болады?
Синоптиктер ескерту жасады
"Қазгидромет" РМК 20 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялап, 7 облысқа дауылды ескерту жасады,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Батыс Қазақстан облысының батысында түнде тұман болады.
Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с болады.
Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, солтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с болады. Түнде облыстың шығысында -35-38 қатты аяз сақталады.
Қызылорда облысының орталығында және оңтүстігінде тұман болады. Облыс орталығында және шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. Қызылорда, түнде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Абай облысында түнде -40 аяз болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көктайғақ, тұман болады. Облыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауады. Шығыстан, солтүстіктен оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с болады. Шымкенттің кей жерлерін тұман басады. Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында түнде -45 аяз болады деп болжанды. Өскеменде түнде қатты аяз -40 болады.
Талдықорғанда түнде -33 градусқа дейін өте қатты аяз болмақ.