Apple компаниясы iPhone 6 мен 7-ге ақау келтіргені үшін 500 миллион доллар өтемақы төлейді

03 Наурыз, 2020 216 0

Apple компаниясы алдыңғы сериялы смартфондардың жұмысына қасақана зиян келтіргені үшін 500 миллион доллар өтемақы төлейді, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарттық агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.

Нақтырақ айтар болсақ, iOS 10.2.1 операциялық жүйесін орнатқан iPhone 6, 6 Plus, 6s, 6s Plus, 7, 7 Plus пен SE телефонының қожайындары сотқа шағын түсірді. Сонымен қатар, бұл санатта АҚШ-тағы 2017 жылдың 21 желтоқсанына дейін iOS 11.2 орнатқан iPhone 7 мен 7 Plus қолданушылары да бар. 

Жоғарыда ескірген модель қолданушылардың айтуынша, бағдарламалық жасақтаманы жаңартқан соң смартфондардың жұмысы бірден нашарлап кеткен. Apple осы арқылы жаңа ұялы телефондар мен аккумулятордың сатылымын арттыру үшін осы қадамға барып отыр деп есептейді. Жалпы өтемақы құны 310-нан 500 миллионға дейін жетуі әбден мүмкін. Нақты саны аталған мәселеге тап болған смартфондар анықталған соң жарияланады.

Әзірге Apple әр телефонға 25 доллар өтемақы төлеуге дайын екенін жеткізген. Сондай-ақ, компания барынша бұл ақау ауа температурасының өзгеруімен және өзге де проблемалармен байланыстырып жатыр.


Тегтер: Apple, компания, iPhone6, iOS10.2.1, өтемақы, ақша

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.