Қазақстан отау құрғысы келетіндерді арнайы курстан өткізуді көздеуде
Қазір жастарды некеге тұрғанға дейін кем дегенде бір ай оқыту шарасы қарастырылып жатыр,-деді Қайрат Қамбаров
Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров некелескісі келетін қазақстандықтарды отбасы психологиясына үйрету жоспары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom.kz
"Қазір жастарды некеге тұрғанға дейін кем дегенде бір ай оқыту шарасы қарастырылып жатыр. Тәлімгерлер мен психологтар оқытады. Олар некеге тұруға ниет білдірген осы санаттағы азаматтармен жұмыс істейді. Әзірге бұл тек қарастырылып жатыр, әлі бекітілген жоқ", - деді ол.