Мұнайлы астанамыз Атырауда мұнай өңдеу зауытының басшыларын қызметтен босатыпты
Зауыт мұнай өнімдерін өндіруді және жөнелтуді штаттық режимде жалғастырып жатыр
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ комиссиясы жұмысының нәтижесі бойынша Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Ғ.Жусанбаев және бас директордың орынбасары – бас инженер А.Шошанбасовты қызметтерінен босату туралы шешім қабылданды,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Бас директордың міндетін атқару әрі қарай шешім қабылданғанға дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты бас директорының орынбасары – техникалық директор Олег Александрович Лызловқа жүктелетін болады.
Зауыт мұнай өнімдерін өндіруді және жөнелтуді штаттық режимде жалғастырып жатыр.