Тоқаев Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттері туралы хаттаманы ратификациялапты
2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізуге қол қойылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттеріне қатысты хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Newsroom.kz
"Мемлекет басшысы "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.