Жаңалықтар

Қатарлық инвесторлар Tele 2 және Altel брендтерін сатып алады

Таяу Шығыстағы араб елінің кәсіпкерлерімен бұрын-соңды мұндай байланыс болмаған

Қашағанда екі газ өңдеу зауытын салады, Астана маңында бидайды терең өңдейтін зауыт құрылысын бастайды. Таяу Шығыстағы араб елінің кәсіпкерлерімен бұрын-соңды мұндай байланыс болмаған,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатарға мемлекеттік сапары аясында өткен инвестициялық дөңгелек үстелден кейін осындай жобаларды көздейтін коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Құжаттардың жалпы инвестициялық құны – 18 млрд доллар.