Қашағанда екі газ өңдеу зауытын салады, Астана маңында бидайды терең өңдейтін зауыт құрылысын бастайды. Таяу Шығыстағы араб елінің кәсіпкерлерімен бұрын-соңды мұндай байланыс болмаған,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатарға мемлекеттік сапары аясында өткен инвестициялық дөңгелек үстелден кейін осындай жобаларды көздейтін коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Құжаттардың жалпы инвестициялық құны – 18 млрд доллар.