Астанада пәтер өртеніп, әйел адам қаза тапты
Өрттің себебі анықталуды
Астананың элиталық шағын ауданынан әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Ақбұлақ-3 шағын ауданында болған өрт туралы құтқарушылар хабарлады. ТЖМ мәліметтері бойынша, өрт төртінші қабаттағы пәтерде болған. Жалын небәрі 20 шаршы метрді алды, ал өрт сөндірушілердің оны сөндіруге жарты сағаттай уақыты кетті. Тілсіз жау бір адамның өмірін жалмады.
"Өрт 16-26-да жойылды. Пәтерде әйелдің денесі табылды. Жергілікті жерде ТЖД-ның 13 адамы мен 3 техникасы жұмыс істеді. Өрттің себебі анықталуда", - делінген ТЖМ хабарламасында.