Қытай Қазақстанның 2023 жылы басты сауда серіктесі болыпты
2023 жылы Қазақстанның сыртқы саудасы қандай нәтижеге жетті?
Қазақстанның 2023 жылғы сыртқы сауда нәтижесі айтарлықтай өсті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Тауар айналымының өсуі байқалған жылда Қазақстандық тауарларды өткізудің негізгі нарықтары Қытай, Ресей және Италия елдері болды.
Қытай Қазақстанның басты сауда серіктесі атанды.
Сонымен қатар Қазақстан Азия елдеріне (Қытай (+10%), Гонконгқа (+34%), Оңтүстік Кореяға (+30%), Вьетнамға (+64%) шикізаттық емес экспортты ұлғайтты.
Тауар айналымындағы Қазақстан экспортының үлесі 56,3%-ды құрайды.
Экспорттың жалпы көлемінде өңделген тауарлардың үлесі 32,1%-ды құрады.
Тауар нарықтарының саны 131 мемлекеттен 135 мемлекетке дейін өсті.