Жаңалықтар

Сарыағашта "Жайлы мектеп" жобасы аяасындағы мектептердің құрылысы қалай жүріп жатыр?

Жоба аясында өңірде 63 мектеп салу көзделсе, оның 29-ы биыл тапсырылады

Түркістан облысы «Жайлы мектеп» жобасын үйлестіруде республикада көш бастап тұр. Жоба аясында өңірде 63 мектеп салу көзделсе, оның 29-ы биыл тапсырылады. Ал Сарыағаш ауданында ұлттық жоба аясында 4 білім ұясының құрылысы жүріп жатыр. Солардың біріне облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып, Сарыағаш қаласындағы 300 орындық мектептің құрылыс барысын қадағалады,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Түркістан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Нысанға тапсырыс беруші – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Мердігер – «А-СпецСтрой» ЖШС. Құрылыс жұмыстары былтыр басталған. Биыл ел игілігіне тапсырылады. Конкурстық құны – 2 582 273 438,0 теңге. 

Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған жобаны өте сапалы атқару маңызды екеніне тоқталды. Аудан әкімі, Білім басқармасының басшысы мен мердігерге жұмысты уақтылы әрі сапалы атқаруды тапсырды. Кемшілікке жол берілсе, қатаң шара көрілетінін ескертті. Құрылыс барысы қатаң бақылауға алынды.