Жаңалықтар

Димаш тағайындалған БҰҰ елшісі қандай қызмет?

5 ақпанда Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) жаңа ізгі ниет елшілерінің тағайындалды

5 ақпанда Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) жаңа ізгі ниет елшілерінің тағайындалғанын хабарлады. Қазақстандық музыкант, әнші және композитор Димаш Құдайберген ХКҰ-ның аймақтық ізгі ниетті елшісі (Азиядағы аймақтық рөлі) болып тағайындалды, –  деп хабарлайды Newsroom.kz


 Димаш тағайындалған БҰҰ елшісі қандай қызмет?

Жалпы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) - жалпы құзыры бар, ашық түрдегі халықаралық, мемлекетаралық әмбебап ұйым. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1945 жылы КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай арасындағы келісім негізінде құрылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы 1945 жылдың 26 маусымында қабылданып, 1945 жылдың 24 қазанында күшіне енді. БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей салаларын қамтиды. 
БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда.

ХБҰ – көші-қон саласындағы жетекші үкіметаралық ұйым. Ол гуманистік және тәртіпке негізделген көші-қон мигранттар мен қоғамға тек пайда әкеледі деп есептейді. ХБҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне 2016 жылы ассоциацияланған ұйым ретінде қосылғанын еске түсіре кетейік.
Өткен жылдың қараша айында олимпиада чемпионы Мо Фарах алғашқы жаһандық елші болған еді.
Ізгі ниет елшілері көші-қон мүмкіндіктеріне қолдау көрсетіп, әлем бойынша таланттардың танылуына ықпал етеді. Тоғыз елші қатарында сегіз жеке тұлға және бір футбол клубы бар.
«Мен бұл танымал тұлғаларды ХКҰ-ның жаңа аймақтық және ұлттық ізгі ниет елшілері ретінде қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Олар дүние жүзі бойынша шабыт сыйлаушылар. Олармен күш-жігерімізді біріктіре отырып, өзгеріс жасайтынымызға сенемін», - деді ХКҰ Бас директоры Эми Поп.