Жаңалықтар

Боранда қалған жүргізушілерге патрулдьік полиция жаяу жол көрсетіпті

Кешеден бері 100 жеңіл автокөлік пен 15 жүк көлігі және бір автобус Көкпекті ауылына жете алмаған

Абай облысында полиция жолда тұрып қалған көліктерге көмек көрсетуде. Қарлы боранда полиция қызметкері көліктің алдында жаяу жүріп жол көрсетті,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, кешеден бері 100 жеңіл автокөлік пен 15 жүк көлігі және бір автобус Көкпекті ауылына жете алмаған. Полиция жолдарды тазартуға арналған 3 арнайы техниканың сүйемелдеуімен жолда қалып қойған жолаушыларға көмекке келді. "Қол созым жер көрінбейтін ақтүтек боранда полиция қызметкері Данияр Қайырханов көліктің алдында жаяу жүріп жол көрсетті", - делінген хабарламада. Ведомствоның мәліметінше, жеті адам жол талғамайтын көлікпен эвакуацияланған. 

Айта кетейік, 7 ақпанда Мұғалжар ауданы Басшилі ауылының 73 жастағы тұрғынына медициналық көмек қажет болған. Ақтөбелік құтқарушылар науқасты ауруханаға жеткізу үшін 18 км бойы жол талғамайтын көліктің алдында ақтүтек боранда жаяу жүріп отырған. Сол күні ауруханаға құтқарушылардың көмегімен жеткен зейнеткердің туыстары оларға алғыс айтты. Зейнеткердің қызы құтқарушыларды мемлекеттік наградаға ұсынуды сұрады.