Доллар өсіп жатыр ма?

16 ақпанда Қазақстан айырбастау орталықтарында валюта бағасы қанша?

Фото: mail.kz

Елімізде 16 ақпанда доллар, рубль, еуроның теңгеге шаққандағы құны белгілі болды,- деп хабарлайды newsroom.kz.

ҚР Ұлттық банкінің ресми мәліметі бойынша, доллар бағамы – 448,06 теңге, еуро – 480,81 теңге, рубль – 4,88 теңге.

Астанадағы айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 448 теңге, сату бағамы 452 теңге. Ал айырбастау орындарында еуроны орташа сатып алу бағамы 480 теңге, сату бағамы 485 теңге. Астанадағы айырбастау пункттерінде рубльді сатып алудың орташа бағамы 4,86 ​​теңге, сату бағамы 4,93 теңге.

Алматыдағы айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 448,7 теңге, сату бағамы 450,5 теңге. Ал еуроны орташа сатып алу бағамы 483 теңге, сату бағамы 486 теңге. Алматыдағы айырбастау пункттерінде рубльді сатып алудың орташа бағамы 4,83 теңге, сату бағамы 4,91 теңге.

Шымкентте ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 449,5 теңге, сату бағамы 451,5 теңге болса, еуроны орташа сатып алу бағамы 481 теңге, сату бағамы 485 теңге. Шымкенттегі ақша айырбастау пункттерінде рубльді сатып алудың орташа бағамы 4,88 теңге, сату бағамы 4,98 теңге.

Жүктелуде...