Құтты болсын! Қазақстандық теннисші әлемнің 7-ші ракеткасын ұтыпты
Нидерландыдағы турнирде қазақстандық теннисші басым түсуде
Роттердамда өтіп жатқан ATP 500 турниріндегі екінші кездесуде әлемнің 57-ракеткасы Александр Шевченко Дания өкілі Холгер Рунеден басым түсті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Кездесу 6:4, 1:6, 6:3 есебімен аяқталды. 1 сағат 37 минутта Александр алты рет эйс жасап, үш брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды.
Шевченко ширек финалда әлемнің 13-ракеткасы, болгариялық теннисші Григор Димитровке қарсы ойнайды.