Жаңалықтар

Елімізде 100 жол учаскесі жабылды

Елімізде 100 тасжол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.

"16 ақпан сағат 07:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 100 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.

 

"Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 141 техника және 196 жолшы жұмылдырылған", - делінген хабарламада.