Сүйінші! Димашымыз Елші болды
Димаш БҰҰ миграция бойынша халықаралық ұйымының ізгі ниет Елшісі атанды
Қазақ әншісі Димаш Құдайбергенмен бірге әлемнің үздік спортшылары мен суретшілері аталған тізімге енген, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңадан тағайындалған Ізгі ниет Елшілері өз дарынын пайдаланып, көші-қонның мүмкіндіктерін, көштегілерге қалай көмектесу керектігін айтып, үндеу жасайды. Аталған құрамға тоғыз Елші - сегіз адам мен бір футбол клубы енген. Олар:
- Ама К. Абебрезе (актриса әрі тележүргізуші, Гана)
- Николас Марин Бенитес (фотограф, Аргентина/Аруба)
- Пол Чой (фотограф, Маврикий )
- Муктар Диахаби (футболшы, Гвинея )
- Кофи Кинаата (музыкант, Гана)
- Дзанан Мұса (баскетболшы, Босния )
- Мирела Сула (психолог, журналист, Албания )
- Димаш Құдайберген (әнші, композитор, Қазақстан, (Азия үшін аймақтық рөлімен)
- "Атлетико Пенарол" клубы (Уругвай).
Елшілер жағдайды жақсы жаққа өзгертуге тырысады. БҰҰ сайтында Димаш Құдайберген, бүкіл Орталық Азияда және одан тыс жерлерде өте танымал әнші екені жазылған.