Әзірбайжан президенті инаугурациясына көлікті өзі тізгіндеп келіпті
Ильхам Әлиев 92 пайыз дауыспен сайлауда жеңіске жетті
Ильхам Әлиев өзі президенттік инаугурациясына көлікті өзі тізгіндеп келді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы moscow-baku.ru сайтына сілтеме жасап.
Бүгін Бакуде Әзірбайжанның Милли Мәжілісінде (Парламентінде) бесінші мерзімге қайта сайланған Ильхам Әлиевті ұлықтау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Конституция мен Құранға ант берді.
Ел Президентінің кезектен тыс сайлауы 7 ақпанда өтті. Ильхам Әлиев оларды 92 пайыздан астам дауыспен жеңді. Осылайша, Мемлекет басшысы тағы 7 жылға сайланды.