Жаңалықтар

Қазақстанда бензин мен дизельдің бағасы қанша болады?

Шекті баға белгіленгелі жатыр

Елімізде бензин мен дизельдің жаңа бағасын белгілеу жоспарлануда, - деп хабарлайды newsroom.kz.

"Ашық НҚА" порталында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің бұйрық жобасы жарияланды. Ол 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Бұйырық жобасында, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығы есебімен мынадай мөлшерде белгілеу ұсынылған:

  • Аи-80 маркалы бензин – 1 литріне 89 теңге;
  • Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литріне 205 теңге;
  • дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литріне 295 теңге.

"Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.