Қылмыс

Қарағандыда жолаушы такси жүргізушісінің қос телефонын ұрлап кетіпті

Қос телефон ұрлаған күдікті ұсталды

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне 28 жастағы қала тұрғыны хабарласты,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Оның такси жүргізушісі болып қызмет ететіні белгілі болды. Сол күні ол таксимен бір жолаушыны діттеген жеріне дейін апарып тастаған.

Жолаушының діттеген жеріне барар жолда жүргізуші дәріханаға тоқтап, өзіне қажетті дәрі алған, кейін көлігіне келгенде жолаушының жоқ екенін байқаған.

Жолаушы көліктен кеткенде жүргізушінің қос телефонын ұрлап кеткен. Оған келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құрады.

ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері кезінде тәртіп сақшылар "ізін суытпай" қылмысқа қатысы бар 26 жастағы азаматшаны ұстады. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.