Көкшетауда колледжде 1-курс кадеті өзін атып өлтіріпті
Оқиға 13 ақпанда болған
Оқиға 13 ақпанда болған. Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінде 1-курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кіріскен. Осы кезде бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, мерт болды,-деп хабарлайды Newsroom.kz
"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді. Қорғаныс министрлігінің басшылығы және әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады", - деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.