Жаңалықтар

Ағылшын тілін шіркеуден үйрендім-дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали

Африкада құлдықта болған адаммен жұмыс істедім

Дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали тыңдармандарына қазіргі кезде "Егіз лебіз" жобасында тың қырымен танылған ол шетелдегі оқуы мен батыстағы өмірі жайлы айтты. Ағылшын тілін білмей Ұлыбританияға барған оның шіркеуге барып тіл үйренгені, құлдықта болған азаметпен бірге жұмыс істеуі және ел мәдениетінің соңғы отыз жылы мен болашағы туралы сұхбат берген болатын,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Дәстүрлі әншінің Ұлыбританияда Болашақпен оқып келуіне не себеп?

Отбасымызбен Ұлыбри­та­нияның Лестер қаласына көшіп келіп, қоныстанғанбыз. Ол қала Лондоннан бір жарым сағаттық жерде орналасқан. Англия бойын­ша ең жылы, ең шағын, жинақы шаһар екен. Барғандағы мақсаты­мыз – «Қазақ» және «Шалқар» радиосының журналисі, келін­шегім Жадыра Жұмакүлбай «Бола­шақ» бағдарламасымен оқуға түскен болатын. Сол себеппен осында келіп қалған жайымыз бар. Мен де ол жаққа барғалы бері текке жатқан жоқпын. Ағылшын тілін меңгердік. Мектепте hi мен bye-дан басқа ағылшынша білмедім қазір Аллаға шүкір pre intermediate деңгейіне жеттім.

Бізбен ақылдаспай араб тілін оқытты

Мектеп бітіргеннен кейін, 2000 жылдары консерваторияға түстім. Онда халық әнінің студенттеріне араб тілін, оқу керек деген ұстаным болды. Солай бізбен ақылдаспай, араб тілін үйретіп шығарды. Мен өкінген жоқпын. Араб тілінің пайдасы мен үшін қасиетті құранды оқи алатын жетістікке жеткізді. 2007 жылы аспирантураны бітіріп, тіл үйрену мен үшін жабылды. 

Жұбайыңмен кез келген мәселеде ақылдасып отыру керек

Жұбайымды қолдаймын. Шешілмейтін мәселе болмайды, әрдайым бір-біріңізді тыңдап, түсіністікпен қарау керек. Сондай-ақ, жұбайыңмен кез-келген мәселеде ақылдасып жүруің тиіс.

Әдепті әдепсізден үйрендім

Бұл сыйластықты бала күнімнен ұстанамын. Бұған әсер еткен ықпалдар көп болды. Мысалы, ағайын-туыстың арасы, айналамдағы достарымның әйелімен ара-қатынасы, мен оқыған мектептің өзіндегі жігіттердің қыздарға қатынасы осының бәрі, санамның осындай ұстанымнан ажырамауынан алып келді.

Екі ай Ұлыбританияда қиналып кеттім

Ұлыбританияда 2 ай қиналдым. Себебі тіл білмедім, жат елде жүру қиынға соқты. Тіпті домбырамды да алып бардым, кітапта оқыдым, домбыраны да тарттым олардың да қызығы басылды. Менің сол кезде қатты аңсаған дүнием, адаммен бетпе-бет қазақша, асықпай сұхбаттасу еді. Сол кезде, көшеге шығып, сөйлесіп, әңгімелесетін адам іздедім. Бірақ әркімнің өз шаруасы бар, ешкімде уақыт болмады.

Ағылшын тілін шіркеуден үйрендім

Ағылшынды ең белсенді үйрететін, ол шіркеу қызметкерлері еді. Сондықтан мен шіркеуден ағылшын курсын оқу үшін шықпай кеттім. Парақшаларыма шіркеуде жүргенімді көп салатын едім. Сол уақытта мені бәрі, шоқынып кетті деп ойлады. Тағы баруымның себебі, онда Орган аспабы бар. Ал, біздің Қазақстанда орган екі жерде бар еді. Үні өте тамаша, орган аспабын қатты жақсы көретінмін. Ол күрделі және өте үлкен аспап. Шіркеуде оны діни рәсімді орындау үшін қолданған. Мен жалпы шіркеуге тіл үйреніп, музыкадан кәсібилігімді жетілдіруге бардым. Ондағы қызметкерлер сыйластығы жоғары, өмір бақи сенімен бірге келе жатқандай қабылдап, үйретті. Қай жерде ағылшын бар, сол жердің бәрінен үйрендім(мектепте, қоғамдық орындардағы тілдік курс т.б) .

Мясокомбинатта жұмыс істедім

Мен біржарым айдай еттерді реттеп, қораптарына орап, мясокомбинатта жұмыс жасадым. Сондай-ақ, ешқандай намыстанбадым, өйткені маған тіл үйреніп, балаларымды асырау керек болды. Солай бір айдың ішінде ағылшынша сөйлей бастадым. 

Елге оралғасын, ағылшын тілін ұмыта бастадым

Келіншегімнің оқуы бітті, елге келдік. Бірақ ұзақ болмай, "Болашақпен" өзім оқуға тапсырып Англияға кеттік. Өнерді ұйымдастырып, басқару саласына құжаттарымды тапсырдым. Ол үлкен орталық еді. Сондай-ақ, мен жетекшіме риза болдым,-деп сұхбат берген еді дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали, Олжас Беркінбаевтың You tube арнасына.

Толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы, You tube арнасынан көре аласыздар.