Жаңалықтар

Цифрлық даму министрі етік туралы мақалмен жұртты сүйсінтті

Интернет жылдамдығы төмен 67 тұрғын үй кешенін анықталды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК, әкімдік өкілдері және байланыс операторларымен бірге елордада байланыс пен интернет сапасын жақсарту бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен танысты,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы digital_ministry_kz-ке сілтеме жасап.

От Өткен жылы ЦДИАӨМ Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, байланысы жоқ немесе Интернет жылдамдығы төмен 67 тұрғын үй кешенін анықтады. Бүгінде 62 тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен келісімге қол жеткізілді, ал қалған бес үйде әлі де радиофобтар бар.

Мәселен, Манхэттен тұрғын үй кешені маңындағы мобильді интернеттің жылдамдығы мамыр айындағы көрсеткішпен (Билайн - 1,7 Мбит/с, Кселл- 1,2 Мбит/с, Теле2 - 5,4 Мбит/с) салыстырғанда, барлық операторда орташа есеппен 8-10 есе өсті (Билайн - 28,7 Мбит/с, Кселл - 24,2 Мбит/с, Теле2 - 32,8 Мбит/с). 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Хан Шатыр СОО маңындағы 11 тұрғын үй кешенінде базалық станция орнатылған (Самұрық Towers ТK, Семь Палат ТK, Анет баба 13/3, Өнер-2 ТК, Өнер тк, Е-128, Аққу ТК, Мұхамедханов 20, Мұхамедханов 19a, Smart City TK, Greenline Qurmangazy TK).

«Бұл жерде мәселе тек 50 пайызға шешілді. Босаңсуға әлі ерте. Сондықтан бұл мәселені тезірек шешу керек. Тұрғындар қызмет үшін мемлекетке емес, операторларға төлейді. Болашақта мұндай проблемалар болмауы үшін құрылыс компаниялары архитектуралық жұмыстарды келісу кезінде базалық станцияларды орнату аймақтарын алдын ала анықтауы керек. Біз бұл мәселені бұған дейін де әкімдікпен талқыладық, сондықтан бұл жұмысты күшейту қажет», - деп атап өтті Бағдат Мусин.

Сондай-ақ министр қаланың жылдам салынып жатқан аумағының біріне (Тұран даңғылы-Ұлы дала даңғылының қиылысы) барды. Онда ақпан айының соңына дейін іске қосылуы тиіс антенна-діңгек құрылғысы орнатылған. Байланыс желілерін жоспарлау кезінде туындаған бұған дейінгі қиындықтарды және елорданың сол жағалауындағы байланыс сапасына қатысты проблемаларды ескере отырып, мұндай антенна-діңгек құрылғылары алдын ала салынатын болады.