"Мықты айқас болады". Промоутер Головкинді бірінші болып нокаутқа түсіретін боксшыны атады

"Мықты айқас болады". Промоутер Головкинді бірінші болып нокаутқа түсіретін боксшыны атады

ашық дереккөзі

Бірінші орта салмақта бұрынғы чемпион Хайме Мунгия (35-0, 28 КО) орта дивизионда IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) нокаутқа түсіретін бірінші боксшы бола алады. BoxingScene.com порталына берген сұхбатында мексикалық боксшының промоутері Фернандо Бельтран осындай пікір білдірді.  Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі Caravan.kz медиа порталына  сілтеме жасап хабарлайды.

"Әрине, Мунгия Головкинмен жұдырықтаса алады. Бұл бір тамаша жекпе-жек болатынын сезіп тұрмын. Хайменің оны бірінші болып нокаутқа түсіре алатын тамаша мүмкіндігі бар. GGG-мен рингке шыққан керемет болатын еді. Мықты айқас болары сөзсіз", - дейді промоутер. Қаңтарда өткен кейінгі жекпе-жегінде Мунгия 11-ші ранудта ирландиялық Гэри О'Салливанды (30-4-0, 21 KO) нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы бірінші кездесуін жеңіспен бастады. Еске салайық, мұның алдында мексикалық боксшы қазақстандық Қанат Исламның (27-0, 21 КО) келісі қарсыласы болуы мүмкін екені айтылған.

Жүктелуде...