Алматыда бірнеше автобустың қатысуымен ірі жол апаты болыпты
Бір адамның аяғы сынған
Алматыда бүгін, 2024 жылдың 13 ақпанында Райымбек даңғылында үш автобус пен жеңіл көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасының мән-жайын жолаушылардың бірі айтып берді.
"Үш автобус қатар келе жатты. Бірінші автобус жүргізушісі күрт тежегішті басқан сияқты. Мұндайды күтпеген екінші жүргізуші бірінші автобусты артынан барып соққан. Ал үшінші жүргізушісі басқалардың артында келе жатқан. Бұрылып соқтығысудан құтылуға тырысқан көрінеді. Бірақ бәрібір автобус пен басқа көлікті соқты", - деп бөлісті куәгер.
Куәгердің айтуынша, зардап шеккен жолаушылардың бірінің аяғы сынған.
Оқиға орнына полиция мен дәрігерлер келіп үлгерді. Алдын ала мәлімет бойынша, кем дегенде 15 адам зардап шекті.