Болгарияда өткен бәсекеде Дулат Бекбауов чемпион болды. Ол құрама қоржынына жалғыз алтын жүлдені салған,- деп хабарлайды Newsroom.kz
Кіші әлем чемпионатына теңелетін "Странджа кубогінде" әлем чемпионатының күміс жүлдегері қарсыласқа шақ келтірмеді. 67 келіде жұдырықтасқан чемпион алғашқы айналымда жергілікті спортшы Благовест Неделчевтен айласын асырса, екінші кездесуінде украиналық Лозан Данилоны ұтты.
Бекбауов жартылай финалда алжирлік Абденассер Бенларибиді, финалда үнді Ражат Ражаттан бір бас жоғары болады. Осылайша, отандасымыз құрама қоржынына жалғыз алтын жүлдені салып, Қазақстан құрамасын сәтсіздіктен құтқарып қалды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы "Странджа кубогінде" тек үш жүлдеге ие болды. Дулаттың алтынынан бөлек, Санжар Тәшкенбай (51кг) күміс, Тұрсынбай Құлахмет (80кг) қола жүлдегер атанған.