Жаңалықтар

Доллар түсіп жатыр ма? 12 ақпандағы валюта бағамы қандай?

Еуро, рубль, доллардың бүгінгі бағасы қанша?

12 ақпанда Қазақстанда доллар, рубль, еуро құны қанша болғаны белгілі болды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Kurs.kz деректері бойынша Астананың айырбастау орталықтарында доллар 450,96 теңгеге сатылып,0 446,93 теңгеден сатып алынады. Еуроны сату бағамы 485,07 теңге, сатып алу - 479,84 теңге шегінде қалыптасты. Ресей рублін 4,97 теңгеден сатып алып, 4,90 теңгеге сатуға болады.

Ал Алматының айырбастау орталықтарында долларды сатудың орташа бағамы 451,33 теңгені, сатып алу - 448,61 теңгені құрайды. Еуро 485,53 теңгеден сатылып, 481,90 теңгеден сатып алынады. Рубль 4,97 теңгеден сатылады да, 4,88 теңгеден сатып алынады.

Айта кетейік, Ұлттық Банктің 10-12 ақпандағы ресми бағамы бойынша 1 доллар 447,10 теңгені құрады.