Тоқаевтың өзі құттықтаған қытайлықтардың Чуньцзесі қандай мейрам?
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Қытай халқына бақ-береке тіледі
Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады,- деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Akorda.kz-ке сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Си Цзиньпин мен Қытай халқын «Чуньцзе» мерекесімен құттықтады.
– Қытай Халық Республикасының құрылғанына 75 жыл толуымен тұспа-тұс келетін биылғы айдаһар жылы мемлекетіңізді одан әрі өркендету жолында жетістіктерге толы боларына сенімдімін. Осы тұста Сіздің маңызды стратегиялық бастамаларыңыз бен тың жоспарларыңыздың сәтті жүзеге аса беруіне шынайы тілектеспін. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың «алтын 30 жылдығы» аясында игі мақсат-міндеттерімізге қол жеткізіп, халықтарымыздың жарқын болашағы жолындағы сындарлы әріптестігімізді жаңа деңгейге көтеруге айрықша мән беремін, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Қытай халқына бақ-береке тіледі.