Қазақстанда маска режимі кері енгізіледі
Қаулыға қол қойылды
Елімізде маскалық режим енгізіледі. Бас санитарлық дәрігер тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды newsroom.kz.
Құжатқа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында, адам көп жиналатын орындарда бетперде киген жөн.
Бұл қызылша, COVID-19, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралуын болдырмау үшін қолға алынып отыр.
Облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары медициналық ұйымдарда персонал мен келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын қамтамасыз етсін, – делінген денсаулық сақтау министрінің қаулысында.