Жаңалықтар

Семейдегі сауда үйінде Құраны бар дүкен өртенбепті

Сауда үйінің басқа бөлігі күйіп кеткен

Семей қаласындағы өртке оранған "Ақшың" сауда үйіндегі санаулы дүкен ғана өрттен аман қалыпты,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Дүкен иелері бұны жай ғана сәйкестік демейді. Айтуларынша, дүкендерінің төрінде әрдайым Құран кітабы ілініп тұрады екен.

"Дүкеніміздің бастығы жұбайымен намазхан жандар.5 уақыт намазын тастамай, әрдайым садақа беріп, жұмысын Алла жолында адал жасап журген адам.Тіпті бутиктың ішінде де Құран оқып отыратын. Қастерлеп дүкеніміздің төріне қойып қойған. Келген әр тұтынушымыз жоққа шығармайды! Бастығымыздын ақ жүрек, кең пейілінің арқасы деп білеміз.Әрине барлығы АЛЛАНЫҢ қалауымен!

Сәйкестік деуге келмейді, сауда үйінің қалған бөліктерінің тек қана күлі қалған.Тек біздің астымыздағы және жанымыздағы 3-4 бутик жанбаған екен. Бүгін өз көзімізбен барып көрдік, видеода барлығы айтылған. Бірақ,товар жарамсыз, яғни, күйік басқан! Азғантай бөлігін ғана қалпына келтіруге болады. Ішін түсіруге рұқсат бермеді! Әртүрлі нұсқада әңгіме-сөздер тарап жатыр. Қиын сәтте ауыр сөздің қажеті жоқ деп білемін! Ешкімнің сөзіне сеңбеңіздер",- деп жазды дүкеннің әлеуметтік желілегі парақашасында.

Бұған дейін Семейдегі сауда үйінің өртке оранғанын хабарлаған едік.