Жаңалықтар

Атыраулық шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

Тергеу ісі жалғасуда

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы пара алды деп күдіктенеді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Антикорға сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша Антикор облыс прокуратурасын үйлестіру кезінде "ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы" ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды.

"Ол Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекараларының шектес учаскесінде кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде олардың заңды қызметін жедел және кедергісіз жүзеге асырғаны үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 2 100 000 теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде", - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.