Жаңалықтар

Алматыда лай көшкіні қайталануы мүмкін бе?

Ведомство өкілдері Төтенше жағдайлар департаменті лай көшкінінің себептерін тергеп жатқанын мәлімдеді

Арнайы құрылған комиссия беткейдегі зерттеу нәтижелері бойынша жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін лай көшкіні қайталану қаупі жоқ деген қорытынды шығарды,- деп хабарлайды Newsroom.kz

Ведомство өкілдері Төтенше жағдайлар департаменті лай көшкінінің себептерін тергеп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ комиссия қорытындысы мәлім болды. "Алматы қаласының Медеу ауданында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, оның құрамына ТЖД, "Қазселденқорғау", қала әкімдігінің мамандары енген. Басты мақсат – беткей аумағының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын тексеру. 8 ақпанда сағат 15:00-дегі жағдай бойынша комиссия беткейдегі зерттеу нәтижелері бойынша жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін лай көшкінінің қайталану қаупі жоқ деген қорытындыға келді. Осылайша, мамандардың бағалауынша 8 ақпанда 3000 текше метрден лай көшкіні болған. Сонымен қатар жоғарыда 300-400 текше метр саз балшық массасы бар, оны мамандар тазартып, қауіпсіз болу үшін төмен қарай сырғытуда", - делінген мәлімдемеде.