Жаңалықтар

Жамбыл облысының бюджетінен 210 млн теңге ұрланыпты

"Меркі "тәжірибелік шаруашылық" квазимемлекеттік ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы құжаттардағы ақпаратты қолдан жасапты

Тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасай отырып.

"Меркі "тәжірибелік шаруашылық" квазимемлекеттік ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы құжаттардағы ақпаратты қолдан жасап, сатылмаған алма көшеттері үшін 210 млн теңгеге жуық сомаға субсидия алғаны белгілі болды. Ақша агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінді.

Сотқа дейінгі тергеу ҚК-нің 190-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (алаяқтық) бойынша жүргізілуде. Сот бір күдіктіге қатысты қамауда ұстауға санкция берді, екіншісіне қатысты тағы бір бұлтартпау шарасы қолданылды.