Қаржы

Доллар өсіп жатыр ма? 8 ақпандағы валюта бағамы қандай?

Доллар, еуро, рубльдің теңгеге шаққандағы құны жарияланды

Kurs.kz 8 ақпандағы валюталар бағамын шығарды,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Алматы ақша айырбастау пункттерінде долларды сатудың орташа бағамы 453,51 теңге, ал сатып алу бағамы 451,61 теңге. Еуроны сату – 489,53 теңге, сатып алу – 486,39 теңге болды. Ресей рублін 5,00 - 4,90 теңгеге сатып алуға болады.

Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатылу бағамы 454,50 теңге, сатып алу бағамы 450,43 теңге болған. Еуро 490,08 теңгеден сатылып, 484,94 теңгеден сатып алынады. Рубль 5,05 теңгеден сатылып, 4,89 теңгеден сатып алынады.

Айта кетейік, Ұлттық Банктің 8 ақпандағы ресми бағамы бір доллар үшін 452,14 теңге.