Шошымайық! 8 ақпан елдегі қалаларда дабыл қағылады
Елімізде су тасқыны кезеңіне дайындалуға арналған оқу жаттығу өткізіледі
ТЖМ-і айтуынша су тасқыны кезеңіне дайындалуға арналған оқу жаттығу өткізіледі ,- деп хабарлайды Newsroom.kz
Осылайша, 8 ақпанда сағат 12.55-те ескерту жүйесін тексеру үшін еліміздің әр қаласында бар барлық электр сиреналары қосылатын болады.
- Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлардың туындау қаупі кезінде халықтың назарын аудару үшін электр сиреналары немесе басқа да сигналдық құралдар қосылады, бұл "Баршаның назарына!". Бұл сигналды естіген халық қалыптасқан жағдайдағы іс – әрекеттер туралы ақпарат пен нұсқаулар алу үшін қолда бар ақпаратты қабылдау құралдарын (телеарналар, радио және басқалар) дереу қосуға міндетті, - делінген ведомство хабарламасында.