Ақтөбеде үйлер мен пәтерлер жарықсыз қалыпты
"Энергосистема" ЖШС бас инженерінің айтуынша, мамандар күндіз-түні жұмыс істеп жатыр.
Ақтөбе облысында қатты желдің салдарынан бес қабатты екі тұрғын үй шатырсыз қалды,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Қазір қауіпсіздік мақсатында патрульдік полицейлер жағдайды қолға алды. Сондай-ақ, түннен бері боранның кесірінен кейбір көшелердегі бағдаршамдар да жұмыс істемей, қала бойынша 2 мың абонент жарықсыз қалған.
"Энергосистема" ЖШС бас инженерінің айтуынша, мамандар күндіз-түні жұмыс істеп жатыр.
"15 бригада, 50-дің үстінде адамымыз бар. Қурайлы, Құрашасай,Бауырластар елді мекендерінде авариялық жұмыстар жүріп жатыр. Одан бөлек, Байғанин, Алға аудандарының кей жерлерінде де жарық өшті. Бораннан бірнеше ауылға жету қиындық тудырды. Қатты желден құлаған ағаштар да жағдайды ушықтырып отыр", - дейді Асқар Бектұрғанов.