«A.Q». Студенттер жасаған шоколад

03 Наурыз, 2020 137 0

Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы екені барлығымызға белгілі. 

Осы мерейтойға байланысты ЕҰУ-нің филология факультеті екінші курс студенттері ақынды дәріптеу мақсатында тәттілерді шығаруды қолға алған. Қарапайым шоколад логотипі  үш түрлі идеяны қамтыған.  

  • Бірінші ерекшелігі қаптама сыртының ақ және қара түстен тұруы ұлы ойшылдың өмірінің  жарқын шақтары мен қиын-қыстау кезеңдерін аңғартады. 
  • Екінші ерекшелігі қауырсын белгісінің болуы ақынның жазушылық және ақындық өнерінен сыр шертеді. 
  • Үшінші ерекшелігі Абайдың атының толық жазылмауы және оның суретінің болмауы. 

Бұл кейін шоколад қаптамасының жерде, немесе қоқыс жәшіктерінен ұлы ақынымыздың бейнесінің не атының жатпауы үшін. Оның орнына тек қана «A.Q» деп ақын атының бірінші әріптерін алды. Бір оқыған адам үшін «ақ» деп те оқылады, яғни айналаға жақсылық тарату деген мақсатта. Бұл бастаманы студенттер өздері ойластырып, бастапқы қаржыны да өздері шығарды. Себебі, бұдан түскен қаржыны көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созып, қоғамда әлі де қайырымды, мейірімді жандардың бар екенін көрсету үшін. Бұл жобаны осы жерден тоқтатып қоймай, әрі қарай да жалғастыру ниеттері бар.

Ел ертеңі – жастар қолында!

Тегтер: Абай, 175жыл, шоколад, ЕҰУ

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.