Қазақстандық әнші ADAM әлемдік музыкалық рейтингте көш бастап тұр. Қазіргі уақытта "Zhurek" әні Италия, Вьетнам, Марокко, Албания, Германия, Украина, Армения және т.б. елдерде топ-чарттарда алдыңғы орынды бермей келеді.
Newsroom.kz порталы әртіспен жаңа жұмысы туралы, "Zhurek" әнінің бүкіл әлемдегі танымалдығы туралы, сондай-ақ ән өнерінің ерекше тұстары туралы сұхбаттасты.
- "Zhurek" әні бірден Қазақстанда ғана емес, Германия, Вьетнам, Түркия, Италия, Украина және т.б. елдерде де танымал болды. Әннің тарихы туралы айта аласыз ба? Қалай жазылды?
- Әннің жазылу тарихында ерекше ештеңе жоқ. Шын мәнінде, мен "Zhurek" әнін шын жүректен, шын көңілмен жаздым. Бұл ән менің тыңдаушыларымның жүрегіне енеді деген үмітте болдым. Нәтижесі біз күтпеген табысты әкелді.
- Отандық сахнада сіз эстраданың ең жұмбақ жұлдыздарының бірісіз. Өзіңіз туралы айтып берсеңіз? Менің білуімше, сіз қазақ емессіз, бірақ сіз қазақ тілінде ән айтасыз.
— Менің ойымша, орындаушы мен тыңдаушының арасында қандай да бір құпия болуы керек. Бірақ мен өзімнің шығу тегімді жасырғым келмейді. Шығу тегі бойынша мен этникалық өзбекпін. Бірақ менің ата-бабаларым байырғы қазақстандықтар. Арғы ата-бабаларым қазақ болған. Біз Қазақстанда өте ұзақ уақыт болдық. Сондықтан бізді ұзақ уақыт қазақтар деп санаған. Сол себептен де, қазақпыз деуге болады.
- "Zhurek" әні әлемдік деңгейде осылай танымал болатынына сенімді болдыңыз ба?
- Жоқ, біз "Zhurek" әлемдік деңгейде танымал болады деп елестете алмадық. Бірақ, әрине, Қазақстанда әйгілі болады деп болжадық. Өйткені басты акцент осыған ел ішіне қойылды. Біз премьера алдында әнді тыңдаған достар мен туыстарымыздың көзқарасына назар аудардық. Олардың таңданысы керемет, оң болды. Бірақ, бұл тректің world shazam-ға, әлемдік чарттарға түскені үлкен тосынсый болды, және біз әлемдік чартқа қазақ трегі енгеніне өте қуаныштымыз.
- Сіздің әндеріңіз өмірден алынған ба?
— Мен бұл сұраққа қысқаша және тікелей жауап бергім келеді. Кейбір әндер шынымен өмірден алынғандықтан, оларда менің өмірімнің бөлшектері бар. Менің өмірімде болған кейбір оқиғалар менің тректерімде бар. Бірақ, импровизациялаған әндер де бар, яғни олар таза қиялдан туған. Яғни, мен айналамдағы адамдар күн сайын не бастан өткеретіні, отбасы, махаббат және достық туралы жаза аламын.
- Сізде жақында"OILAMA" әні шықты. Толығырақ осы ән айта аласыз ба?
- "OILAMA" әні менің қазақ тіліндегі екінші жұмысым. Бұл ажырасқан, бірақ әлі де бір-бірін сағынатын жұп туралы ән. Оларға ажырасуды қабылдау қиынға соғады, ал жігіт қыздан оны және өткен барлық нәрсені есіне түсірмеуін сұрайды. Ән - шын жүрекпен, сүйіспеншілікпен, ізгі ниетпен жазылған. Бұл жұмыс та өзін дәлелдейді деп үміттенемін. Әрине, біз әрқашан үміттенеміз, күтеміз және әрі қарай жұмыс істейміз.
- Өз әндеріңізге сыни көзқараспен қарап, қолдайтын, кеңес беретін адамыңыз бар ма?
- Демо әндер пайда болған сайын мен оны бас сыншы Аббас Тұрановпен бөлісемін. Ол "Turan Media" лейблының директоры екенін айта кеткім келеді. Ең алдымен, ол менің досым, өйткені мен оған сенемін, ол әрқашан менің жұмысымды адал бағалайды. Мен бұл адамның шындықты айтатынын нақты білемін.
- Сіз өзіңіз ән жазасыз ба?
- Әрине, Мен өзім ән жазушымын. Меніңше, өз бетімен жазылғанның бәрін жеткізу оңайырақ.
- Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?
- Мен болашақ туралы сөйлескенді ұнатпаймын, сондықтан уақыт бәрін көрсетеді. Алла тағаланың қалауымен болады. Біз жай ғана еңбет етіп, тырысып бағамыз.