Жаңалықтар

Сұмдық! "Болашақпен" сейсмологтар неге оқымайды?

Келешек сейсмологтарға қандай жағдай жасалған?

Алматыда орын алған зілзалаға байланысты newsroom.kz порталы Ғылым және жоғары білім министрлігіне сұраухат жолдап, сейсмолог мамандары туралы сұрауды жөн көрді.

Әлем үшін қиын шақта аталған мамандық иелері үшін білім саласы жеткілікті жағдай жасап жатыр ма? Осы туралы newsroom.kz порталының материалын назарларыңызға ұсынамыз.

Бүгінгі күні елімізде «Сейсмология» білім беру бағдарламасы бойынша кадрларды даярлауды тек Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті жүзеге асырады екен.

2023-2024 оқу жылы «Сейсмология» мамандығы бойынша 5-ақ грант магистратураға бөлінген көрінеді. Бір жыл бұрын да, 2022-2023 оқу жылдарында 5 грант магистратураға бөлініпті.
Ал, шетелдегі сейсмологиялық мекемелерден жоғары оқу орындарының білім алушылары мен ғалымдары тағылымдамадан өтпеген.

 «Болашақ» стипендиясы бойынша қанша сейсмолог ғалым оқыды, бакалавриат, магистратура мен PhD оқып келген отандық білім іздеушілердің аталмыш бағдарлама ашылғалы бергі саны қанша деген сауалымызға:
 

«Болашақ» бағдарламасы бойынша сейсмолог мамандары оқымаған",- деген жауап алдық.


2023-2025 жылдары сейсмологиялық бағытта Сейсмология институты, Назарбаев Университеті және Ионосфера институтымен 4 жоба және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығымен 1 жоба іске асырылып жатырған көрінеді.