Былтыр 21 мың тоннадан астам уран өндірілді
18 мың тоннадан астам уран сатылыпты
Қазақстанда былтыр 21 мың тоннадан астам уран өндірілсе, соның 18 мың тоннадан астамы сатылған,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Президенттің қабылдауында болған «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов осылай деп есеп берді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіп» компаниялар тобы жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалар, өндіріс орындары орналасқан өңірлерді дамытуға және қолдауға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жұмыстар туралы мәлімет берілді.